Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Алтайдан Каспийге дейін Алматыда Қазақстан тарихының, табиғатының, мәдениетінің ескерткіштері мен назар аударарлық жерлері бар атлас шығарылды.

Қазіргі Қазақстанның зәру мәселелерінің бірі қазақтардың ұлттық теңестіру мәселесі болып табылады. Осы сұраққа жауапты іздеумен көптеген ғылымдар, саясаттанушылар, социологтар, тіл мамандары айналысады. Белгілі тарихшы Нурболат Масанов айтқан: - «Егер өзімізді бірегей және нақты халық ретінде сезінгіміз келсе, онда біз тарихымыздан бастау керекпіз. Мұқтаж емес , сонымен бірге «асылдандыратын» барлық  мифтерге «жоқ» деп айтуымыз қажет!Біз – номадтар! Біз – көшпенділер! ...  Басқа да халықтардың тарихы секілді әлемдік-тарих эволюциясында айтарлықтай  маңызды көшпенді тарихымыз бен мәдениетімізді зерттейік».
«Алтайдан Каспийге дейін» тарихтың, мәдениеттің, географияның  ескерткіштері мен назар аударарлық жерлері бар Атласты шығару мақсаттарының бірі еліміз жайлы қолайлы мәліметтерді ұсыну болып табылады, ол қазақстандықтарға өздері жайлы, жері мен тарихы жайлы көптеген жаңалықтарды білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бірегей мәдени, табиғи көріністер жайлы таңқаларлық ашылулар жасау және зор ықыласпен осы бірегей тарихи, мәдени және географиялық жерлерге барып келуге болады.
«Атлас бірегей: тұнғыш рет бір қайнар көзден еліміздің мәдени және табиғи мұрасы жайлы біртұтас түсінік алуға болады. Бұл шешкіміз келген басты міндеттердің бірі», - дейді Seimar Social Fund Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Марғулан Сейсембаев. Қайырымдылық қор «Біздің тарих» бағыты мен грант негізінде осы кешенді жоба бойынша ғалымдардың жұмысын 5 жыл бойы қаржыландырды.
-    Марғулан Қали ұлы, Атлас құру ойы қалай пайда болды?
-     Осындай басылым бұрыннан болу керек еді. Бұл  қазақ жерінің барлық мұрасы жиналған кітап. Ол қарапайым адамдарға жазылған, бұл Қазақстан тарихының және мәдениетінің негізі. Біз адамдарда туған, шыққан жеріне, тамырларына, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылықты тудырғымыз, сонымен бірге білімдерінің ой өрісін кеңейткіміз келеді. Атластың екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылғанын атап өту жөн. Қазір біз Атласты ағылшын тіліне аударуды жоспарлап жатырмыз.

-    Атласты құру бойынша барлық жұмыстарды номадтардың мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҚазҒЗИ жүргізді. Бұл еңбекті көп қажет ететін қызмет, үздіксіз экспедициялар, мұрағаттардағы, институттардағы және т.б. материалдарды іздеу. Не себепті Сіз грант алушылар ретінде ғалымдардың дәл осы тобын таңдадыңыз?

-    2007 жылы Seimar Social Fund қамқоршылық кеңесінде Атласты басып шығару ойы пайда болған кезде, біз грантқа байқау жарияладық. Байқауға 7 институт пен ғалымдар топтары қатысты, бірақ сарапшылардың және қордың қамқоршылық кеңесінің бағалары бойынша жобаның мақсаттары мен міндеттеріне ең тиістісі номадтардың мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҒЗИ сұранымы болды, сол кезде ол Масанов Нұрболат Эдигеевпен басқарылды. Сонымен бірге бізге бұл кездейсоқ адамдардың емес, үлкен жұмыс тәжірибесі бар нағыз мамандардың командасы болғаны ұнады.

-    Сізді тарихпен, географиямен қызығатын тұлға ретінде танимыз. Сіз саяхат жасауды, аң аулауды, шын мәнісінде нағыз номадқа тән нәрселерді жақсы көресіз. Осы бірегей басылымның арқасында қандай жаңалықтарды өзіңіз үшін аштыңыз?

-    Атласпен жұмыс істеудің бастапқы кездері , оның мағыналы және ақпаратты басылым болып шығатынына сендім. Бірақ қамқоршылық кеңес мәжілісінің бірінде ғалымдарымыз алдын-ала қорытындыларымен келгенде, мен өте таң қалдым және қуандым. Іздеушілік экспедициялар кезінде Алтайдан Каспийге дейін ғана емес, елімізден тыс жерлерде ғалымдар көптеген ашуларды жасады. Олар Қазақстан тарихы үшін шайқастар мен соғыстардың көптеген маңызды жерлерін тапты және сипаттады, екі ғасыр ішінде тұнғыш рет Тамғалы-Тас (Іле Қапшағай) петроглифтарын хронологиялық сипаттады және питербургтік әріптестермен бірлесіп осы кешен жазуларының ойрат тілінде шифрлерін шешті, тұнғыш рет Шу-Іле тауларының аңғарларындағы петроглифтарын суреттеді және құжаттандырды. Сонымен қатар атласқа исламдық және христиандық  аруақ қонған жерлер, буддистік ғибадатханалар мен ескерткіштер сияқты мінәжат жерлер жайлы жаңа берілгендер кірді. Біздің ел бірегей, осында үш әлемдік дін – ислам, христиан және будда ынтымақты дамыды. Сонымен қатар, атлас – бұл тек қана пайдалы және ақпараттық басылым емес. Бұл сонымен бірге, ғылымның дамуына қосқан үлес болып табылады. Атласпен жұмыс істеудің арқасында ғалымдар тұнғыш рет аэрофотосъемка көмегімен бірталай ескерткіштер мен мәдени ландшафтарды түсіріп алды, ол алдағы ұрпақтар үшін қазіргі түрін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

-    Неге ғалымдар тарихты, мәдениетті және табиғатты бір басылымда біріктіруді шешті?
-    Біздің көрнекті құндылықтың ескерткіштері мен табиғи ландшафт ажырағысыз бүтін құрайды, сол себепті осындай тәсіл толық ақталды.

-    Тарих – көптеген деректер бойынша бүгінгі күнге дейін қарқынды пікірталастар жүргізілетін ғылым екені түсінікті, осы жағдайларда мамандар не істеді?
-    Баяндаманың басты шарты деректердің нақтылығы және ғылыми берілгендердің толықтығы болды. Атлас жазушылары – түрлі облыстардың мамандары – осыған тырысты, олар тарихтың көптеген пікірталасты сұрақтары мен болжамдарын жарияланған мақалалардан тыс қалдырды.

-    Басылым жазушылары тағы қандай қиыншылықтармен кездесті?
-    Объекттерді таңдау. Бірінші кезекте Атласта ЮНЕСКО әлемдік мұрасының тізімінен барлығына белгілі ескерткіштер – Ходжа Ахмет Яссауидің кесенесі және Тамғалы археологиялық ландшафттардың петроглифтері ұсынылды. Еліміздің мәдени игілігінің алуан түрлілігін көрсету үшін жазушылар Атласқа түрлі дәрежедегі ескерткіштерді  қосты. Кейбіреулері өзінің ежелгілігімен, басқалары – бірегейлікпен, үшіншілері ұлттық тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен және мәдени көріністермен бағалы. Кейбір ескерткіштер – дара объекттер емес, толық кешендер мен топтар. Мысалы, Маңғыстау табынушылық сәулетінің ескерткіштері, беғазы-дандыбай мәдениетінің некрополдары немесе Қазақстанның жартасқа салынған өнері. Осындай бай тарихы бар елді тек зор болашақ күтетініне сенімдімін. Ең маңыздысы – тарихты жоғалтып алмау.