Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Алматыда «Алтайдан Каспийге дейін» Атласының тұсаукесері өтті» Хабар (20.12.2012)

Бүгін Алматыда «Алтайдан Каспийге дейін» атты Қазақстан тарихының, мәдениетінің және географиясының ескерткіштері мен назар аударарлық жерлері бар Атласымен таныстыру рәсімі өтті. Бұл бірегей үш томдық қазақ және орыс телдеріндегі – ғылыми тарихшылардың,қазбашылардың, геологтардың, географтардың, әрлендірушілердің және баспагерлердің 5 жылдық жұмыс нәтижесі.
Ғылыми экспедиция қатысушылары дәлме-дәл мағынада Алтайдан Каспийге дейін белгілі және жаңа тарихи ескерткіштерді іздеді және зерттеді, сонымен бірге олардың құжаттауын және этнографиялық зерттеуін орындады. Қазақстанның, Өзбекстанның және Ресейдің ұлттық мұрағаттар мен мұражайларында отандық тарихымыздың XVII ғ. бастап аз зерттелген кезеңдеріне жататын бірегей заттық олжалар, жазбаша құжаттар және бейнелі материалдар табылды. Осы аз зерттелген қайнар-көздердің көбісі жаңа атластың беттерінде тұнғыш рет жарияланады. Сонымен бірге Атласқа бірегейлікті өзгеше және сирек кездесетін суреттемелер келтіреді – бұл ландшафттардың, ескерткіштердің бастапқы түрін  және әйгілі тарихи тұлғалардың бейнесін жеткізетін ХІХ ғ. Ш. Уалихановпен жасалған фото суреттер мен салынған суреттер. Мүмкін, осы раритеттердің арқасында оқырмандардың көбісі тұнғыш рет ландшафтардың, тарихи ескерткіштердің, тарихта белгілі болған тұлғалардың бастапқы түрін және тұрпатын көре алады. Ежелгі дін ескерткіштері және әскери шайқастар болған жерлердің баяндамасы да тұнғыш рет жарияланып жатыр, ол да айтарлықтай қызық.

АТЛАС ӘЗІРЛЕУШІЛЕР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ЕРОФЕЕВА Ирина:
-    Осында тибеттік буддизмнің ескерткіштері, өте үлкен трансшекаралық, трансаумақтық дәліз ретінде көптеген халықтар үшін миграция жолы болып табылатын Қазақстан үшін мінезді үш әлемдік діндердің тоғысуының іздері ұсынылған. Осында көптеген мәдени және тарихи объекттердің қазіргі кездегі суреттері және табиғи ландшафттары ұсынылған, сонымен бірге осында раритетті және мұражайлардағы экспонаттар мен түрлі құжаттар: осы жинақ беттерінде ұсынылған ежелгі қолжазбалар,манускрипттер және біздің оқырмандарға ешқашан ұсынылмаған басқада көптеген сиректіктер.



Видеоны караңыз: осында

Дерекнамаға ссылка:
http://www.khabar.kz/rus/sport/Atlas_Ot_Altaja_do_Kaspija_prezentovan_v_Almati.html