Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Ювентус» ФК және Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Буффонның лоты

«Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы және Chocolife.me порталы  «Қайырымды Істер Қобдишасы» қайырымдылық аукционның қорытындысын шығарды. Сатылымға шығарылған лот - «Ювентус» ФК және Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Буффонның қолтаңбасы бар ішкөйлек. Аукционнан жиналған барлық қаражаттар 9 жастағы Юрий Месиковтың Украинадағы Трускавец қ. емделуіне бағытталады.

«Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының / Seimar Social Fund және Chocolife.me порталының аукционының басталу сәті «03» желтоқсан 2012 жыл. Аукцион қалыпсыз үлгіде on-line тәртібінде өткізілді. Ережелерге сәйкес аңызға айналған қақпашы Джанлуиджи Буффонның лотына ең үлкен соманы қайырымдылықпен сыйға тартқан қатысушы ие болады.

Аукционға 1 370 адам қатысты. Аукцион қатысушылардың қаражаттарды сый үшін емес, жай қайырымды ниетпен бергенін айта кету жөн. Ең көп қаражатты, дәлірек айтқанда 50 000 теңгені Алматыда тұратын Ольга қайырымдылықпен сыйға тартты. Дәл оған Джанлуиджи Буффонның лоты беріледі.

Әлемге белгілі қақпашының ішкөйлегін «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының «Қайырымды істер қобдишасына» World Class фитнес-клубының мүшесі Константин Жарликов тапсырды. «Егер осы олжа біреудің өмірін құтқаруға немесе балаға денсаулық сыйлауға көмектессе, онда мен соншама ізгі іске символдық салым салуға бақыттымын. Біздің футбол жанкүйерлері үндеуге әудесетініне және қайырымдылық аукционға қатысатынына сенемін» - дейді Константин Жарликов.

 

Аукционнан жиналған барлық қаражаттар 2003 ж.т., балалық цебральді параличтің ауыр түрінен қиналып жатқан Юрий Месиковтың қарқынды нейрофизиологиялық сауықтыру жүйесі бойынша емдеудің Халықаралық Сауықтыру Орталығында (Трускавец қ., Украина)емделуіне бағытталады. Юраның емделуіне 3 701 евро қажет болды, Месиковтар отбасында тек әкесі жұмыс істейді және оның жалақысы тек өмір сүруге ғана жетіп жатыр. Юрка өте ақылды және аңғарымпаз бала, оның ең ардақты арманы – тұру және өзінің алғашқы қадамын жасау! ДЦП емделуге 13 жасқа дейін беріледі, сол себепті Юрада  аз уақыт қалды!

 

Komanda SOS және Chocolife.me порталы  аукционға қатысқандардың және Юраға жазылып кету туралы арманын орындауға мүмкіндік сыйлағандардың барлығына алғысын білдіреді!

 

Осындай акциялар мен қайырымдылық аукциондардың символдығы әйгілі адамдарға немесе маңызды оқиғаларға қатысты заттарды сатылымға шығару ғана емес, сонымен бірге қайырымдылықтың мәлім ақиқаттарын және көмекте мұқтаждардың өміріне селқос емес адамдардың қатысуын дәріптеу.
Қайырымдылық аукциондарды өткізу «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығының жақсы дәстүріне айналды. Ақпан 2012 ж. ұйымдастырушылар «ДЦП бар балаларды қолдау үшін Англия құрамасының ойыншыларының қолтаңбалары» атты бірінші аукционның қорытындысын шығарды, оның негізінде ДЦП бар төрт балақайға сауықтыру курсын ұйымдастыру үшін 6 000 USD жиналды. Бірінші лот - Англия құрамасының жұлдызды футболшыларының қолтаңбалары бар доп «Komanda SOS» Орталығына волонтерларының бірінен қайырымдылықпен сыйға тартылды, ал оның иегері жасырын қалуды қалаған World Class Almaty клубының мүшесі болды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін, төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:
www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, www.volunteer.kz, www.donations.komandasos.kz
komandasos@gmail.com + 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, + 7 705 888 57 88