Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


“Komanda SOS” Еріктілерді Біріктіру Орталығымен «Қайырымдылық Істер Қобдишасы»

“Komanda SOS” Еріктілерді Біріктіру Орталығымен «Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» бағдарламасы бойынша негізгі мақсаттар мен міндеттердің орындалуына байланысты оның келешекте дамуы мен іске асырылуы үшін бағдарлама АРДИ www.ardi.kz, www.donations.ardi.kz - бейінді серіктестік ұйымға тегін түрде берілді.
Komanda SOS Seimar Social Fund волонтерлық тобы және дәстүрлі қайырымдылық қызметінің логикалық жалғасы болып табылады. Қайырымдылық Seimar Social Fund секілді “Komanda SOS” Еріктілерді Біріктіру Орталығы 2008 ж. Марғулан Сейсембаевпен – Қор құрылтайшысының бастамасымен құрылды. Komanda SOS орталығының қаржылық және сарапшылық тең құрылтайшысы ретінде Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы (UNV) шықты.
Komanda SOS басым бағдарламаларының бірі «Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» болды. Қобдиша балалық цебральді параличпен және басқа да ауыртпалы аурулары бар балаларды емдеу үшін жеке қайырмалдықты тартуға бағытталған кешенді бағдарлама болып табылады:
1) Сауда және көңіл көтеру орталықтарда жеке қайырмалдық жинау үшін пластиктен жасалған бокстарды орнату;
2) Әлеуетті жарылқаушыларға балалар жайлы барлық ақпаратты табуға және тиісті есептемелерді алуға мүмкіндік беретін арнайы web-портал құру;
3) Жеке қайырмалдықты жинау үшін арнайы шараларды өткізу, қайырымдылық концерттер, кинокөрсетілімдер секілді;
4) Жеке қайырмалдық бойынша жеке серіктестерді, сонымен бірге «Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» сайтындағы балалар тізімінің балалары мен олардың ата-аналарына қамқоршыларды табу.
2009-дан 2013 жылға дейінгі мерзімде «Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» бағдарламасы бойынша шетелдік клиникаларда емделуге және сауықтыруға жіберлген:
1. 103 бала цебральді балалық параличпен;
2. 2 бала ауыр онкологиялық аурумен;
3. 30 бала кардиологиялық аурулармен;
4. 10 бала цебральді балалық параличпен «КазРосГаз» ЖШС қызметінің бағытымен;
Сонымен бірге, берілген бағдарлама негізінде Алматы қ. және Алматы облысының арнайы  мекемелерінде ДЦП бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ЦНС аурулары бар балаларды сауықтыру үшін арнайы жабдықтар сатып алынды:
1. Талдықорған қ. «№1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» Мемлекеттік Мекеме.
Сомасы 1 520 000 теңгеге жабдықтар сатып алынды. Әр жыл сайын орталықта білім алу, түзету және сауықтыру қызметін жастары 0-ден 18-ге дейінгі мүмкіндіктері шектелген жетіжүзден аса бала  алып тұрады.
2. Шелек қ. «№8 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» Мемлекеттік Мекеме.
Сомасы 1 190 000 теңгеге жабдықтар сатып алынды.Әр ай сайын орталықта түзету, педагогикалық, психологиялық және сауықтыру қызметін жастары 0-ден 12-ге дейінгі 132 бала алып тұрады.
3. Физиотерапия қызметі РГКП ««Аксай» Республикалық Балалық Клиникалық аурухана» ортақ сомасы 998 015 теңгеге тренажерлық жабдықтар мен инвентарь келесі бөлімшелер үшін сатып алынды:
Кіші жастағы невролгия бөлімшесі (2 кабинет) жастары 0-ден 3-ке дейін
Жоғарғы жастағы невролгия бөлімшесі 3-тен 17-ге дейін
Кіші жастағы хирургиялық ортопедия бөлімшесі
Орта жастағы хирургиялық ортопедия бөлімшесі
Жоғарғы жастағы хирургиялық ортопедия бөлімшесі
Қалпына келтіру емделуінің бөлімшесі – үлкен зал ЛФК;
4. РГКП ««Аксай» Республикалық Балалық Клиникалық аурухананың» сауықтыру бөлімшесі үшін сенсорлық бөлмені ортақ сомасы 1 100 000 теңгеге жабдықтады.
5. №1 Облыстық балалар үйі. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қажетті медициналық дәрі-дәрмектерді ортақ сомасы 103 870 теңгеге сатып алды;
«Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» бағдарлама қызметі әлдеқашан қарапайым қайырымдылық бағдарламаның шеңберінен шықты және дәстүрге айналды. «Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» бағдарламасына қатысқан жарылқаушылар мен белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар емделуге қаражаттарды жинауға көмектескен отбасыларымен айырылыспауды тілейді. Бүгінгі күні осындай отбасылар бақылауға алынады және волонтерлар ай сайын тек қана ақшалай көмек көрсетпей, сонымен бірге балаларын қарап-беруге көмектеседі, осындай мысалдар да өте көп.
«Қайырымдылық  Істер Қобдишасы» бағдарламасы бойынша келісім-шарт негізінде Мүгедек Балалар Ата-аналарының Қауымдастығына келесілер тапсырылды:
1. Жеке қайырмалды жинау үшін 9 нүктелердегі бокстар (Серіктестермен қызметтестік жайлы Меморандумдардың қайта құру негізінде);
2. Жеке қайырмалдықты тарту бойынша  Web-портал;
МБАҚ Komanda SOS серіктестерінің бірі болып табылады, атап айтқанда орталық кейбір мүшелерінің сауықтыру курстарын қаржыландыру арқылы қауымдастықтың балаларын дүркін-дүркін қолдайды, «Тілектер шыршасы»  секілді жаңа жылдық жобаларды ұйымдастырады, сонымен бірге қауымдастық қызметкерлерінің кәсіптілігін дамыту үшін Acibadem (Стамбул, Турция) клиникасына тәжірибе өтуге жібереді.
«МБАҚ» - Мүгедек Балалар Ата-аналарының Қауымдастығы 1991 жылы желтоқсанда  ортақ тағдырмен және өз балаларына көмектесу талпынысымен біріккен ынтагерлер-ата-аналар тобымен құрылды. «МБАҚ» - мүмкіндіктері шектелген балалар мен жастар үшін Қазақстандағы тұнғыш ҮЕҰ. Олар мүмкіндіктері шектелген балаларды тәрбиелейтін 500-дей отбасыларды қамқорлығына алды, олардың 120 мүгедектерге арналған арбалармен қозғалады.
Қосымша ақпарат алу үшін, төменде көрсетілген контактілерге  жолығыңыз:
+7 727 261 00 54
+7 727 272 56 11
+7 705 18 18 395
http://www.seimarfund.kz
aliya.sagin@gmail.com