Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


БАПКЕРЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРМЕТТІ КАНДИДАТТАРЫ

Бапкерлер Мектебі’2013 іріктеу кезеңіне қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
     Осы кезеңде Бапкерлер Мектебіне қатысу үшін жіберілген сұранымдарды бапкерлер мен жоба кеңесшілерден тұратын сарапшылық комитетінің қарастыратыны және бағалайтыны жайлы ақпарат үшін хабарлаймыз.
      Байқауға Қазақстанның барлық аумақтарынан 79 ұйым қатысады. Бапкерлер Мектебіне байқаулық сұрыптаудан өткен қатысушылардың аты-жөнін 07.08.2013 ж. (сәрсенбі) жариялаймыз.
      Бапкерлер Мектебі – бұл Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен Қазақстанның ҮЕҰ волонтерлық жобаларының басқарушылары үшін «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен жетілдірілген арнайы жоба екендігін естеріңізге түсірейік. Жоба кәсіби түрде волонтерлармен жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар командасын құруға бағытталған.

Ұйымдастырушылар: Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры
                            Ұлттық Волонтерлық Желі

Бапкерлер Мектебі ұзақ мерзімді жоба болып табылады. Бапкерлер Мектебі бойынша оқыту бағдарламасы үш кезеңмен өтеді:
* Біріншісі 2013 ж. қыркүйекте Алматы қ. өтетін үш күндік оқыту курсы;
Жолы мен тоқталуы Бапкерлер Мектебінің ұйымдастырушыларымен төленеді;
* Бапкерлер Мектебі қатысушысының ұйымы қызмет көрсететін аумақта серіктестер мен волонтерлар үшін тренингтер мен семинарлар топтамасы өткізіледі;
Көшпелі тренингтер қатысушы-ұйымның техникалық қолдауымен өткізіледі;
* Екінші үшкүндік оқыту курсы 2014 ж. мамырда Астана қ. өтеді;

«Бапкерлер Мектебі» жобасы негізінде қатысушылар ие болады:
* Еріктілік жобаларды тиімді жоспарлау мен басқарудың негізгі құралдарына;
* Арнайы оқыту құралдар мен материалдарға;
* Тұрақты  он-лайн кеңес беру қолдауына;
* Жоба қатысушыларының куәліктері мен дипломдарына;

Анықтама телефондары: +7 705 181 83 95 – Алия, +7 705 888 57 88 – Григорий