Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Тілектер Шыршасы 2015: Балаларға бірге мереке сыйлаймыз!

Жаңа жылдық «Тілектер шыршасы» акциясы – бұл Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының волонтерлер қанаты -– «Komanda SOS» Еріктілерді үйлестіру Орталығының және  Vox Populi фоторепортаждар сайтының бірлескен бастамасымен іске асырылатын шара. 

 

«2015 Тілектер шыршасы» қатысушылары - Оқушылар сарайының үйірмелерінде оқып жатқан, тұрмыс жағдайлары нашар отыз талантты балалары. Негізінде бұл ата-аналары жеке меншік қымбат мектептердегі және дамыту орталықтарындағы қосымша сабақтарды төлей алмайтын балалар. Алайда, бұл ештеңеге қарамастан өз дарынын жетілдіруге және дамытуға деген мақсаттары бар зерек ұлдар мен қыздар.

Сыйлықтарды жинау және тарту ету Rotary Club Алматы, Intercontinental қонақ үйінің, «Спутник»ойын-сауық сауда орталығының және VOXPopuli фоторепортаждар сайтының, сонымен қатар баларға бей-жай қарамай сыйлық сатып алған адамдардың арқасында іске асты.

 

«Тілектер шыршасы» өткізілген жылдарда, 150-ден астам баланың армандары орындалды - материалдық ал-ауқаты нашар отбасылары мен әр түрлі балалар мекемелері: есту қабілеті нашар балаларға арналған интернаты, туберкулезге қарсы санаторий, №2 балалар үйі және Special Olympics ұйымының балалары. Әр баланың тек көкейтесті армандары ғана орындалып қойған жоқ, сонымен қатар қазіргі күнге дейін көмектесіп тұратын жаңа достары пайда болды.

 

Атаулы шара мақсаты:

 

Тұрмыс жағдайы нашар, жаңа жылдық сыйлық алып беру мүмкіндіктері жоқ ата-аналардың балаларын жаңа жылдық сыйлықпен қамтамасыз ету. 

 

Волонтерлік және қайырымдылық идеясын дәріптеу, әлеуметтік маңызды шараларға неғұрлым көп адамдар санын тарту.

 

Республикалық оқушылар сарайы – бұл балаларға 90-нан астам үйірмелер мен секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік беретін ең үлкен республиканың мектептен тыс ұйымы. Қазіргі таңда ол жерде 5 200 адам білім алуда, солардың ішінен тұрмыс-жағдайы нашар отбасынан 30 бала таңдап алынды.

 

Сонымен қатар, «Тілектер шыршасы» аясында ТинЧеллендж Қазақстан мекемесінде оңалту бағдарламасы аясында жатқан балалар мен олардың аналарына сыйлықтар жиналды. Сыйлықтар ретінде шұлықтар, кішкентайлардың, жасөспірімдердің колготкилері, памперстер,сеппе ұнтақтар, сабын, балаларға арналған кір жуу ұнтақтары, тіс пастасы, щеткалар, азық-түліктер жиналды.  Орталықта сәбилер мен 17 жасқа дейінгі балалар және 20 ана өмір сүріп жатыр.

 

«Тілектер шыршасы» - бұл тек сыйлықтар жинау бағдарламасы емес, бұл акцияның мақсаты - қайырымдылықты дәріптеу және маңызды да салмақты мәселелерге қоғамның көңілін аудару.

Қосымша ақпараттар үшін «Komanda SOS» Еріктілерді үйлестіру Орталығына хабарласыңыз:

 

+ 7 705 181 83 95     + 7 705 888 57 88  www.volunteer.kz

 ЖОБАНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ: РОТАРИ КЛУБ АЛМАТЫ ЖӘНЕ INTERCONTINENTAL HOTEL