Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚОБДИШАСЫ:КІМГЕ, ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Қобдиша ұстанымдары
Қайырымды Істер Қобдишасы: КӨМЕКТЕРІҢІЗ ҮШІН РАҚМЕТ

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚОБДИШАСЫ: КІМГЕ ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Дина Камелинова 4 жаста. Өмірінің сегізінші айында оған күрделі диагноз қойды – жүйке жүйесінің ауруы – Веста синдромы. Бұл ауру үздіксіз қайталанып тұратын сіңір тартылуымен сипатталады. Қатты ауратындықтан Дина әрдайым айқайлайды және жылайды. Бірінші емделуге дейін ұстамалар тәулігіне 600 рет қайталанып тұратын. Динаны Астанада және Омскіде емдегеннен кейін ұстамалар жиілігі 5-6 ретке дейін қысқарды. Балаға әрдайым ұстамаға қарсы дәрі-дәрмектер қажет, олардың әсері Динаның әлсіз организміне зиян келтіреді. Сол себепті жалғыз ғана жол бар – бұл Қытайдағы Урумчи қаласындағы клиникада баланың денсаулығын жақсартуға уәде берген дәрігерлердің емдеуі.

Ата-анасы қызының емделуіне 4000$ жинай алды. Жаздың басына дейін тағы 4000$ жинау қажет. Осыдан кейін емделудің екінші курсына тағы 8000$ қажет болады. Дина отбасының материалдық жағдайы нашар, ал емделуге қаражатты мүмкіндігінше жедел жинау керек, өйткені жіберілген уақыт толығымен емделіп кету мүмкіндігін біржола қысқартады. Камелиновтар отбасы Дина өмірін құтқару үшін сіздерден көмек сұрайды.

Анасының контактілері: Камелинова Гаукар, Көкшетау, 8 (7162)425474, ұялы тел. 87015710153.

Халық банктің карточка нөмірі: 4402573559745437, СТН: 361810812643

Пронькин Александр (6 жаста), клиникалық диагноз – спастикалық тетрапарез. 13 маусымда ДСММ ИМОБКА-ның ( Денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемесі – «Иркутсктік мемлекеттік-облыстық балалық клиникалық аурухана») неврология бөліміне жатқызу жоспарланып отыр. Александров Ю.А. дәрігерінен жолдама қағазы бар. Қажетті сома 300000 теңге (жолы+емделуі+тұруы+қаралуы), соманың жартысы жиналды, тағы 150000 теңге жинау қажет. Саша отбасының материалдық жағдайы нашар, сол себепті ата-анасы өздігінше осындай қысқа мерзімде барлық соманы жинай алмайды. Сашаның отбасы баласына жәрдем бере алатын барлық селқос емес адамдардан көмек сұрап отыр.

Контактілері: Павлодар қ., Толстой көш. 106, 6 пәтер, тел. 8(7182)61-33-23.

Илья Мищук (2000 ж.т.). Туылғаннан бері Илья тынымсыз және мазасыз бала болып өскен. 6 айында ата-анасы баласының құрдастарынан дамуда қалып бара жатқанын байқай бастады. Дәрігерлер психомоторлық және психосөйлеу дамуының тоқталуын айқындады, бірақ тұра диагноз қоя алмады. Екі жылдық өмірін Илья медициналық кабинеттерде өткізді: массаждар, инемен емдеу және тағы басқа есепсіз процедуралар тиісті нәтиже бермеді.Бала осы кезге дейін жүрмейді, әрен тұрып-тұрады, дерлік сөйлемейді. Нәтижесінде оған келесі диагноздар қойылды: «бір қалыпты ішкі гидроцефалия», «ДЦП-ның астатикалық түрі».

Ильяны аяғына тұрғызуға украин клиникасының дәрігерлері кіріседі. Олардың айтуы бойынша, тиісті ем алғаннан кейін бала өз құрдастарын қуып жетеді және келешекте нағыз өмірді сүре алады. Шет елде ем алу үшін 5000 евро қажет.

Мищук жас отбасында баланы емдеуге қаражаттары жоқ, сол себепті олардың соңғы үміті – сіздердің селқос қалмағандығыңыз. Оларға баласын сап-сау күйінде көруге көмектесіндер!

Кирилл Чиков Өскеменнен 3 жаста. «Komanda SOS» Орталығының «Қайрымды Істер Қобдишасы» бағдарламасына қатысатын барлық балалар сияқты Кириллда да балалық церебральді паралич. Осы диагнозды Барнаулда тек бір жарым жылға толғанда растады. Осыған дейін Кириллге жергілікті дәрігерлер Даундық синдром диагнозын қойған, сонымен бірге тиісті және өмірге маңызды ем көрсетілмеді. Бүгінгі күні, Барнаул қ. балалық краевтік психоневрологиялық шипажайында бірінші емделу курсын өткеннен кейін, Кирилл өзін әлдеқайда жақсы сезінеді, жағымды динамика байқалады. Бірақ, қажетті нәтижеге жету үшін Кириллге Барнаулда тағы бірнеше емделу курсын өту қажет: сәуірде, тамызда және желтоқсанда 2011 жылы. 20 күндік бір курсты өту үшін отбасына 200000 теңге қажет. Осындай ақша оның ата-анасында жоқ, сол себепті Кириллге бөтен адамдардың қайғы-қасіретіне қайырымды және мейірімді адамдардың көмегі қажет.

Барнаулда емделудің тиімділігі комплексті емделуде негізделеді: процедуралар – гирудотерапия, мезопунктура, массаж, лфк, кис. коктельдер, парафин, түрлі физио процедуралар, жеке сабақтар – логопедтің( соның ішінде логопедиялық массаж), психологтың( кейбір күндері сенсорлық комната), сурет салу, мүсіндеу және музыка. Сонымен бірге үйде отырып балалармен айналысатын аналар шипажайда білім алады.

Анасының атындағы банктік шоттың реквизиттері:

Чикова Ирина Анатольевна

ЦФО 15 бөлімшенің «Банк Центр Кредит» АҚ Өскемен қ.

SWIFT BIC-код:KCJBKZKX

БИН 980841000115

Банк СТН – 181600084375

Есеп айыру шоты – KZ588560000003864593

Ағымдағы дербес шот – KZ888560000003959598 (USD)

Ағымдағы дербес шот – KZ408560000003959589 (KZT)

Кбе 14 ЕКПН 311

Емдеп жатқан дәрігердің телефоны: 87772968790

Анасының телефоны(Чикова Ирина): 87051858201

Таипов Фархат 4 жаста сол жағындағы ДЦП. Бала ақырындап жүріп жатыр, ол өте ақылды және жетілген балақай. Туылғаннан бері оның ата-анасы баласының денсаулығы үшін күресіп жатыр, олар Липетскте, Барнаулда, Новосибирскте емделді. Дәрігерлер Фархатты емдеу мүмкін деп сендіреді, Қытайда емделу курсын өту үшін 6000у.е. қажет. Фархаттың анасы Светлана баласына жәрдем бере алатындардың барлығынан көмек сұрап отыр. Тел. 2563525 Ұялы 87775837208, 87051609326

Карина мен Камилла егіздер (30.05.2004ж.). Камилла мен Карина 1 жасқа толғанда, дәрігерлер оларға ДЦП, орташа ауыртпалық дәрежелі спастикалық диплегия диагнозын қойды. Қыз балалардың ата-анасы балалардың ұдайы толық өмір сүруі үшін күресіп жүр. Қырғызстандағы, Қытайдағы, Астанадағы және Алматыдағы емделу олардың психоэмоциялық, сөйлеу және мотордық дамуын жақсартып жатыр. Карина и Камилла өте аңғарлы, олар оқиды, санайды, тақпақтарды айтып береді, жайнақы және әлеуметті бейімделген.

Бірақ, өкінішке орай, тірек қимылдатқыш аппаратының бұзылуына байланысты қыздар өз бетінше жүре алмайды, қиыншылықтың барлығы осыда. Дәрігерлер қыздарды аяқтарына тұрғызуға болады деп сендіреді, бірақ ол үшін Ресей мен Украинаның сауықтыру орталықтарында емделу қажет. Қазір Карина мен Камилланы доктор Г.Н.Романовтың балалық сауықтыру орталығының дәрігерлері қабылдауға дайын. Емделу үшін екеуіне 10000 еуро қажет.

Карина мен Камилланың анасы қыздарына жәрдем бере алатындардың барлығына және селқос емес адамдарға жолығып отыр! Банктік реквизиттер:

«Казкоммерцбанк» АҚ

Алматы қ.

Валютасы теңге: KZT

БИК KZKOKZKX

Шот нөмірі: KZ9692618025А8897000

Клиенттің аты-жөні: Каблакатова Салтанат Сабыровна

Өмірінің бірінші айларында Аркадий Боханға (2008 ж.т.) «бас миының семуі» диагнозын қойды. Бала екі клиникалық өлімді, миға қанның құйылуын бастан кешірді, соның салдары – ДЦП. Жергілікті дәрігерлердің болжаулары жағымсыз болды, бірақ өмір сүру сенімін Аркашаға Қытайдың «Бинтуань» (Урумчи) ауруханасында сыйлады, онда ствол талшықтарын енгізетін операцияларды өткізеді. Операцияға ақшаны – 5000-дай долларды бүкіл әлеммен жинадық. Қазан 2009 ж. Аркадийге операция жасалды, барлығы ойдағыдай өтті, бала басын ұстауды,аяғымен және қолымен қимылдатуды, ойыншықтарға қызығушылықты көрсетуді бастады. Дәрігерлер жағымды динамиканы белгіледі. Бірақ, осы нәтижелер жай әшейін өтіп кетпеу үшін, Аркашаға қалпына келтіретін терапия курсын өту қажет, ол 2010 жылы көктемге белгіленген. Баланың анасы Анастасия қайта көмек сұрауға мәжбүр. Оның баласын сақтап қалу үшін 4500 доллар жинау қажет.

Айзия Сейтжанова 2008 жылы туылған. Өмірінің үшінші аптасында сәбиге окклюзиондық гидроцефалия диагнозын қойды. Ата-анасы қызының жазылуы үшін барлық күш-жігерін салды және бір жасында Айзия өзінің құрдастарын ақыл-ойдың, дененің дамуы бойынша қуып жетті. Бірақ осыдан кейін Айзия вирустік энцефалитті бастан өткізгеннің нәтижесінде менингоэнцефалит диагнозымен реанимацияға түсті, сол себепті балада спастикалық тетрапарез пайда болды.

Қазір балақай отырмайды, жүрмейді, сөйлемейді. Ата-анасы қызын аяғына тұрғызу үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр – Айзия ай сайын Алматы қ. сауықтыру курстарын өтеді, Трускавец қ. Украинадағы Халықаралық сауықтыру клиникасында, Урумчи қ. Қытайда екі рет болды. Жағымды динамиканың пайда болуы үшін сауықтыру курсын әр 3-4 ай өту қажет, бірақ қазіргі уақытта Сейтжановтар отбасында Трускавец қ. Халықаралық сауықтыру клиникасындағы емделу курсын төлеу мүмкіндігі жоқ. Сол себепті олар селқос емес адамдардың барлығынан көмек сұрауға мәжбүр!Емделу курсының бағасы 3214 еуроны құрайды

Сейтжановтар отбасы

Қазақстан, Алматы, Физкультурный көш., 17 пәтер 62

Тел.+7(727)2327315, ұялы +77777730053, +77777796912

эл. пошта: almaz_07@mail.ru

Батырхан Шайзада 3 жаста, диагнозы – ДЦП. Оның сол қолы мен аяқтары сал болған, ол өздігінен отыра, еңбектей, жүре алмайды. Бірақ, Батырхан интеллектуалды деңгейде толық дамып келе жатыр. Наурыздың басында Батырханға ствол талшықтарын енгізу операциясын жасады. Операциядан кейін Батырханның жағдайы жақсарды: ол сөйлей бастады, спастика азайды. Операцияға қаражаттарды баланың ата-анасы мейірімді және қайырымды адамдардың көмектерінің арқасында жинады. Қазір оған Қытайда операциядан кейінгі сауықтыру курсын өту қажет, оның бағасы 8000 у.е. Осыдан басқа Батырханға қыркүйекте екінші операцияны жасау алда тұр, ал оның бағасы 9000 у.е. Батырханның ата-анасы өз бетінше осындай үлкен соманы осындай қысқа мерзімде жинай алмайды, сол себепті сіздерден көмек сұрап отыр.

Анасының толық хаты осында zdes.rar [4.75 Kb] (cкачиваний: 8)

2010 ж. желтоқсанның соңында Уалихан Ильясов (2006 ж.т.) ата-анасымен бірге Қытайдан қайтып келді, сол жерде балаға ствол талшықтарын енгізу операциясын өткізді. ДЦП-дан емделу жолының бірінші қадамы ойдағыдай өтті, Уалихан операцияны жақсы көтерді. Енді балақай сауықтыру процедураларда мұқтаж. Уалиханды Барнаул мамандары қабылдауға дайын. Өмір сүруге маңызды емделу бірнеше курсын өту үшін Ильясовтар отбасына жолы мен тұруына 4500 доллар қажет. Олар осы соманы өз бетінше табуға тырысады, бірақ олар кез келген көмекке игілікті болады!

Ақшаны аудару үшін реквизиттер:

«Қазақстанның Халық банкі» АҚ

РКО 311099 Илий басқармасы № 311000

БИК HSBKKZKX

ИИК KZ846014943000022133

БИН 961041000353

Төлем мақсаты: Ильясова Зауреш Муратбековна СТН 210410043469

шотына қосу

«Казкоммерцбанк» АҚ

Алматы қ.

БИК KZKOKZKX

Шоттың №: KZ8792618025С4112000

Төлем мақсаты: Ильясова Зауреш Муратбековна СТН 210410043469 шотына қосу

Контактілері: 8777-1799535, 8702-7201934, 8705-4049012

Кирилл Нестеренко (2007 ж.т.) бала кезінен-ақ мүгедек. Балада туғаннан бұлшық ет дистрофиясы, ол сол жақта пайда болған оң жақта орналасқан жүрек, миокардиодистрофия, органдардың(бауыр мен көкбауыр) кері орналасу синдромы сияқты аурулармен асқынады. Баланың моторлық дамуында тоқталу байқалады – жалпы әлсіздік, ол басын нашар ұстай алады. Кириллді емдеуге Қытай мамандары кіріседі, олар ми параличы бойынша 500 операция өткізді және тиімділігінің коэффиценты 85% асты. Емдеу курсын өткізу үшін Нестеренко отбасына өз күшімен жинай алмайтын 6700 доллар қажет. Сіз Кириллге нағыз өмірді табуға көмектесе аласыз!

Кішкентай Снежана Сакауованың анасы 3 жыл бойы қызының өмірі үшін күресіп жатыр. Туылғаннан бері қызға келесі диагноз қойылды – ДЦП: гиперкинетикалық түрі. Психомоторлық және сөйлеу дамуында тоқталу байқалады. Қазіргі уақытта Снежанна қытай госпиталінде емделіп жатыр, оған ұзақтығы 3 айға созылатын емделу курсын белгіледі. Емделудің әр айы 2000 доллардай тұрады, сонымен, Снежанна туыстарына емделудің бір курсын төлеуге 6000 доллар қажет. «Мен жалғыз басты әйелмін, біздің отбасымызда 13 адам тұрады, тек мен жұмыс істеймін. Қызымның емделуіне қажетті соманы өз бетінше жинай алмайтыныма қорқамын. Балама барлығын бергім келеді, оның өмірі бақытты болса екен деймін», - деп Снежаннаның анасы Фариза Сакауова жазады. Пошта: fariza.email@gmail.com

Телефон: +77015227402

Нұртас Шалқар 2006 жылы туылған. 6 айлық жасында оған келесі диагнозды қойды – ДЦП, ауыр дәрежелі екі жақтық гемяплигия, эписиндром, 3ПР. Сол сәттен бастап Нұртас Ақтөбеде, Алматыда, Астанада, Астраханьда (Ресей) әрдайым ем алып жатыр. Баланың жағдайы жақсарып жатыр, бірақ ол осы кезге дейін отырмайды, жүрмейды, сөйлемейды, бірақ оның көзі өмірге толы – ол әр түрлі тәттілерді жақсы көреді, рахаттанып мультфильмдерді көреді, қарым-қатынасқа қуанады. Дәрігерлер Нұртасты аяғына тұрғызуға болады деп сендіреді, тек үздіксіз ем қажет. Баланың анасы Урумчи қ. Қытай ауруханасына үміттенеді. Сол жерде емделу курсын өту үшін Нұртасқа 6000 доллар қажет. Нұртастың анасы – Салтанат баласын аяғына тұрғызуға көмектесуге мүмкіншілігі бар барлық адамдардан көмек сұрайды. Банктік реквизиттер:

БТА банк: 050051 Almaty 97 Joldasbekov str.

Tel.: 505473, 505-289

Номер IBAN шот KZ90319с0100003271384

Клиенттің аты-жөні: Сейтказиева Салтанат Г.

Карта Нөмірі: 4256801570164230

Контактілері: 87023901139

Үй тел.: 8712229-19-28

3-жасар Юля Змазневада ДЦП, спастикалық диплегия. Қыз бала жүрмейді, жәрдемсіз отыра алмайды,қол қимылы ауыр, сөйлеу дамуының тоқтап қалуы байқалады. Туылғаннан бері Юлянің жақындары оның денсаулығы үшін күресіп жатыр: ол үзбей Қырғызстанда, Астанада, Барнаулда, емделіп жатыр. Сәбидің емделіп кетуіне нақты мүмкіндік Қытайда емделгеннен кейін пайда болды. Сәуірде оны ствол талшықтарын енгізу бойынша бірінші операция және екі айға созылатын сауықтыру ем күтеді. Екінші операция тамыз 2011 жылға белгіленген. Юлянің отбасы 2 операцияны өткізуге және толық емделу курсын өтуге қажет соманы өз бетінше жинай алмайды, сол себепті олар тек сіздердің көмектеріңізге сенеді.

Толығымен оқу