Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Қайырымды Істер Қобдишасы

Бағдарламаның тұжырымдамасы шет елдерде ем алуда мұқтаж балаларға, сонымен бірге балалар үйлеріне, арнайы интернаттарға және мүмкіндіктері шектелген адамдарға жәрдем беруге мақсатталған қайырмалдықты жинауда негізделеді. «Қайырымды Істер Қобдишасы: Кімге, Қайда, Қалай көмек көрсету...» - «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының негізгі жұмысының бірі болып табылады. Берілген бағдарлама бүкіл қоғамды қайырымдылық үдеріске тартуға бағытталған қайырлы істердің кешенді бағдарламасы болып табылады.
Қазақстанда белсенді өмірлік ұстаныммен өмір сүретін адамдар саны өте көп, бірақ көбісі қалай, қашан және қайда пайдасын тигізе алатындығын білмейді. «Қайырымды істер қобдишасы» бағдарламасының мәселелерді шешу жолдары тек материалдық қаржы бөлумен шектелмейді, сонымен бірге жігерлігін, білімін, тәжірибесін және т.б. бере алатын адамдар тобын қатыстырады. Жобаны құру ойы бойынша әр адам түрлі мәселені шешуге қатыса алады немесе көмек көрсете алады.
Қобдиша бағдарламаларының кешеніне келесі бағыттар кіреді:
* мейрамханалар, барлар, супер-маркеттер аумақтарында орналасқан бокстар арқылы қайырмалдықты жинау;
* «Вечерний Алматы», «Didgest.kz» газеттерінде, «Огонек Надежды» бағдарламасында, «Литер» газетінде, сонымен бірге www.volunteer.kz порталында хабарландыру беру арқылы мақсатты көмек тарту;
* «ART 4 PEACE» қайырымдылық концерттерін өткізу;
* «Eldany» Қорымен бірлесіп, базарлықты ойлап шығару және сауда желілері арқылы сату. Базарлық сатуынан қалған соманың бір бөлігі әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады;
Бағдарламаның негізгі қағидасы мөлдірлік пен ашықтықта негізделеді. Мұқтаждар туралы барлық мәліметтер мұқият тексеріледі, ал барлық қайырмал клиникаларға, дәріханаларға, әлеуметтік көмек қызметтеріне және т.б. ақша бөлу сияқты мақсаттарға бағытталады.
Сонымен бірге «Қайырымды істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай жәрдем беру... » бағдарламасының қағидалар жиынтығына келесі ұстанымдар кіреді:
- Нәтижелердің (жазылу, білім алу және т.б.) болашағына қаражаттарды бөлу;
- Асыраудағы жандарды туғызбау үшін, «балықты емес, қармақты береміз» қағида негізінде көмек көрсету;
- Бағдарламаның барлық қатысушыларының еркін әрекет қағидасы;
- «Жәрдем береміз, бірақ жауапты секторлардың әрекетін алмастырмаймыз» атты қағидасы;
- Әділдік қағидасы – бағдарлама негізінде жәрдем беру көмек сұранымның түсу уақытында қатал түрде жүзеге асырылады.
«Қайырымды Істер Қобдишасы» атты бағдарлама «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен құрылды және мұқтаждарға жәрдем бергісі келетін, бірақ қалай, кімге екенін білмейтін қазақстандықтарға арналған. Әр адам мақсатталған көмек көрсетуді қалайды, бірақ кез-келегені қалай екенін білмейді. «Қайырымды Істер Қобдишасы» атты бағдарлама мақсатталған қаражаттарды жинау, ақпарат және кімге, қайда және қалай көмек көрсету мүмкіндігін беру үшін барлығының және әркімнің күш-жігерін біріктіруге арналған. Пайда болған мәселелер және көмек көрсету түрлері туралы барлық ақпараттар міндетті түрде тексеріледі, мөлдір және анық болып табылады. «Қобдишаға» тек шын мәнінде көмекте мұқтаж тұлғалар мен ұйымдар кіреді.
Барлық өтініштер мен есептемелер «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру

Орталығының www.volunteer.kz атты сайтында, сонымен бірге бағдарламаның серіктестері: «Вечерний Алматы», «Жас Қазақ», «Лидер плюс» газеттерінде, «Домашний Очаг» пен «Жастар» журналдарында, басқаша айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен, адамдар мен олардың қиын мәселелері жайлы қайырымды іс жасауды қалағандардың барлығы біле алады және Волонтерларды Біріктіру Орталығының арқасында көмек керек жерге бағытталады. Сонымен бірге БАҚ қатысуының арқасында кері байланыс жүзеге асырылады – есептілік пен мөлдірлік.

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР ҚОБДИШАСЫН: КІМГЕ, ҚАЙДА, ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ...» сіз осында көре аласыз.