Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


КРАВ МАГА БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС WORLD CLASS ФИТНЕС-КЛУБЫНЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ Қ.
БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕСТІКТІҢ БАСЫН БАСТАДЫ
23 шілдеде World Class Almaty фитнес-клубында «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығының қолдауымен ұйымдастырылған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін крав мага өз-өзін қорғау өнері бойынша мастер-класс өтті. Мастер класстың қорытындысы: 50 шаршаған, бірақ риза бала, сонымен бірге World Class Almaty фитнес-клубы мен №1 Облыстық балалар үйінің арасында ұзақ мерзімді қызметтестік жайлы келісім болды.


Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін өз-өзін қорғау әдістеріне үйретеді
23 шілдеде сағат 15.00 World Class фитнес-клубында (Наурызбай батыр көш., 89, Кабанбай батыр көш. жоғарырақ) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін крав мага өз-өзін қорғау өнері бойынша мастер-класс өтеді.

SOS балалардың емделуіне тағы 1 112 970 теңге аударды
2 және 3 маусымда “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен бастамасы) балалардың емделуіне 1 112 970 теңге аударды.

KOMANDA SOS: 15 СӘУІРДЕН 1 МАМЫРҒА ДЕЙІН ДЦП-мен АУРАТЫН 7 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ.
15 сәуір 2011 ж-дан 5 мамыр 2011 ж-ға дейін “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен бастамасы) ДЦП-мен ауратын жеті балаға ортақ сомасы 851 080 теңгені құрайтын көмек көрсетті.

ТАҢҒЫ БАЛҒЫНДЫҚТЫҢ МУЗЫКАСЫ
5 және 6 мамырда Корей Республикасының Үкіметі негізінде елдің бейнесін қалыптастыру бойынша Комитет пен «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен бастамасы) «Жанұя» Арнаулы Комплексте және №8 интернат-мектебінде екі қайырымдылық концерт өткізеді.

KOMANDA SOS ВОЛОНТЕРЛАРЫ ФУТЗАЛ БОЙЫНША UEFA КУБОГЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ
“Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен бастамасы). 29 сәуірде және 1 мамырда Алматыда өткен мини-футбол бойынша UEFA Кубогының – Төрттік Финалын ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан Орталықтың волонтерларына алғысын білдіреді.

КАЗИНФОРМ «Тілек шыршасы» қайырымдылық акциясы аясында 27 бала сыйлыққа ие болды (14.01.2011)
«Тілек шыршасы» қайырымдылық акциясы аясында 27 бала сыйлыққа ие болды
АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат- /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатындағы оқушыларға «Тілек шыршасы» акциясы аясында сыйлықтар табысталды.


ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ: АЛМАТЫЛЫҚТАР КЕРЕҢ-МЫЛҚАУ БАЛАЛАРДЫҢ АРМАНДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ
14 қаңтарда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінде «Тілектер шыршасы» акциясы негізінде сыйлықтарды марапаттау рәсімі өтті. Көптен күткен жаңажылдық сыйлықтарды интернаттың нөлдік және бірінші сыныптарында оқитын 27 ең кішкентай тәрбиеленушісі алды. Ал 2-7 сынып оқушылары «Quattro Media» агенттігінен кеңсе жиынтықтарын және көркем жабдықтарын алды.

«Нұх кемесі» жәрдемде мұқтаж!
«Нұх кемесі» атты отбасылық түрдегі жеке балалар үйіне(Талғар қ., Алматы облысы) жәрдем қажет – тұрғын және оқу бөлмелерін жылыту үшін 8 тонн солярка.

ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ: ЫМ ТІЛІМЕН
«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы ( Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы), «Спутник»СККО және фоторепортаждардың қазақстандағы тұнғыш сайты Vox Populi «Тілек шыршасы» атты жаңажылдық қайырымдылық бағдарламаны іске асырады.